Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Қызыл жалын екі шаршы метр аумақты шарпыған. Оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 15.25-те түскен. Сағат 15.56-да толығымен сөндірілді. Құтқарушылар балкон арқылы автосатының көмегімен 10 адамды сыртқа шығарып, өрттен аман алып қалды. Оның төртеуі – балалар. Пәтер иесі 1959 жылғы азаматша. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді департаментте.

Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна жұмылдырылып, жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz