Бұл туралы бүгін өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдинов айтты.

- Жол құрлысына байланысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, республикалдық бюджттен 6,1 млрд. теңге қаржы бөлінді, - деді аудан әкімі. - Конкурс жұмыстары аяқталған соң, келер жылдың ерте көктемінде жұмыс басталады. 2019 жылы жол құрылысы толық аяқталып пайдаға беріледі. Павлодардан Баянауылға баратын қонақтар жол азабынан құтылады.

Бұдан басқа, аудан әкімі Баянауылдан Мәшһүр-Жүсіп Көпеев кесенесіне апаратын 52 шақырымдық тас жолдың күрделі жөндеуіне қаржы қарастырылып жатқандығын атап өтті. Оның да сметалық-техникалық құжаты әзірленуде.

- Жалпы, Баянауылға туристердің ағылуына жол сапасының маңызы зор. Өңірге келетін меймандардың қатарын қалыңдату үшін жұмыстар жасалып жатыр, - дейді Оразгелді Қайыргелдинов. – Биыл Торайғырдан-Жасыбай аралығын жалғайтын автожол құрлысы басталып, аяқталуға жақын. 12,4 шақырым жолдың негізгі жұмыстары аяқталды. Енді асфальт жабындысын төсеу қалды. Келесі жылы демалыс маусымы басталғанға дейін толық мәреге жетеді. Ол үшін облыстық бюджеттен 370 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде жартысынан астамы игерілді.

Айта кетейік, Жасыбай көлі мен қонақ үйлер арасын бөліп тұрған автожол тынығушылар өміріне қауіпті болағдықтан демалыс айлағына айналма салынды. Ауданда жол жиектерін көріктендіру, абаттандыру жұмыстары да қолға алынды. Жалпы ұзындығы 45 шақырым жолға 170 жарық бағандары орнатылып, екі мыңнан астам шам орнатылды.

Махаббат Камесханұлы

pavlodarnews.kz