Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА, деп хабарлайды. 

«Жуырда телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев елордада 13 қараша күні өткен Астана клубының үшінші отырысында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтты.

«300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді, олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар -мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз технологиялар саласында да, бірлескен инвестициялар бағытында да ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», - деді ол.

pavlodarnews.kz