Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

- Ресей Федерациясының азаматы Павлодар қаласында Кривенко көшесінде кетіп бара жатып кептірілген есірткінің қағаз қорабын тауып алған. Кейін оны өз қалтасына салған. Сол күні кешке ер адамды полиция қызметкерлері ұстады. Сот шешімі бойынша ресейлік азамат есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабы, екінші бөлігімен айыпты деп танылып, 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, - дейді баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

pavlodarnews.kz

Тэги: