Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов алғашқы әлемдік турнесін бастайды. Бұл туралы жас әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазды BNews.kz.

«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай Құнанбайұлы)
Армандар орындалады. Менің алғашқы əлемдік турнемде жүздескенше, достар! Қолдауларыңызға рахмет!» - деп жазады Димаш өз парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өткен «I Am a Singer» шоуына қатысқан соң аса танымалдылыққа ие болды. Кейіннен қазақстандық әншінің керемет дауысына тәнті болған франциялықтар оны Еуропаның танымал телеарналарының біріне құрметті қонақ етіп шақырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен болатын.

pavlodarnews.kz