Бұл туралы агенттікке облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Дәулет Темірболат айтты.

- Биылғы жылы өткізілген соңғы онлайн семинарға өңірдегі 200-ден асам мұғалім, сондай-ақ,  жоғары оқу орындарының ғалымдары, тіл мамандары қатысты, - дейді Дәулет Темірболат. - Мұндағы басты мақсат – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру. 2018 жылдың жоспарына онлайн семинарлар санын арттыруды көздеп отырмыз.

Қазақ тілі оқытушыларын мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдістемелер және жаңа технологиялармен филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнуллина таныстырды. Сондай-ақ, ол қазақ елінің латын әліпбиіне көшу тарихына тоқталып өтті.

- VI-VII ғасырларда руна жазулары пайдаланылды. Ислам дінінің келісімен араб өрме жазуы 1929 жылға дейін қолданылды. 1926 жылы ақпанда латын жазуына ауысып, латын әліпбиі 1929-1940 жылдар аралығында ресми түрде қолданылған болатын. Алайда 1940 жылдан бастап кириллица жазуына көшірілді. Абай Құнанбаевтан бастап бүкіл Алаш зиялылары мен қазақ ақындары және жазушылар шығармалары латын жазуында басылып шыққанын естен шығармаған жөн, - дейді профессор.

pavlodarnews.kz