Ауыл шаруашылығы күні мерекесі қарсаңында орын алған жағдайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі растап отыр.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін агенттік антикоррупциялық қызметке сауал хат жолдады.

Еске сала кетейік, Ораз Дүзденбаевтың екі жоғары білімі бар. Ол ұзақ уақыт ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істеген. Жеті жылдан астам уақыт «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясының облыстық филиалын басқарды. Бұған дейін Железин ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасының басшысы лауазымына биылғы жылы қаңтар айында тағайындалған.

 

pavlodarnews.kz