Әнші Естай атындағы мәдениет сарайында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік концертте «Тәуелсіздік толғауы» және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Куә бол»  әндерін орындады.

Танымал өнер иесі соңғы рет павлодарлық көрерменнің алдында бес жыл бұрын ән салғанын және үш жасар ұлы Ануар үшін бұл сапардың өте пайдалы боларын атап өтті.

- Мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүрген адамдардың алдында өнер көрсету мен үшін зор мәртебе. Себебі, олар дастархандағы нанды табу жолында бар күш-жігерлерін салады.  Менің арғы атам Ақсудан, сондықтан да Павлодарға келген сайын өзімді шағын Отаныма там болғандай сезінемін, - дейді ол.

Мәдина Сәдуақасова Павлодарға келгеніне екінші күн болған. Концертке дейін белгілі режиссер Алтынбек Рахметовпен дайындық жүргізген.

- Астанаға кетпес бұрын ұлыммен бірге қаланы аралап шығамыз. Келесі жолы Баянауылдағы тау шаңғы базасына отбасымен бірге келемін, - деді әнші.

Томирис Бекжан

Фото: Маргарита Чудакова

pavlodarnews.kz