Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Сағат 8:40 минут шамасында Угольная көшесі, 3 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, баспананың төбесі бұзылған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 1969 және 1971 жылы туған ер азаматтардың мәйітін анықтады. 11:03 шамасында өрт толығымен жойылды. Оның көлемі 40 шаршы метрді құрады. Бұл жұмысқа өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің жеке құрамынан 15 адам және үш техника жұмылдырылды, - дейді мамандар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қайғылы оқиғаның орын алу себептері анықталуда.

Абзал Қабдраш
Сурет ғаламтордан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: