Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынғана ақпаратқа сүйенсек, құтқарушылар сағат кешкі бестің кезінде өзеннің үстінде жүрген екі оқушыны көріп қалған.

- Балалар дереу құтқару станциясына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция қызметкерлері мен № 42 мектептің директоры шақырылды. Сонымен қатар, сағат кешкі алтыға қарай Усолка өзенінде мұздың үстімен баласын ертіп жүрген ар адамды жағаға жеткізді. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді департаментте.

Құтқарушылар тұрғындарға толық қатпаған мұздың үстінде серуендеу адам өмірі үшін өте қауіпті екенін ескертеді.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: