Айта кетейік, облыстық «Start-up жыл идеясы» жастардың өзіндік бизнес-идеяларын қорғап шығуға мүмкіндік береді. Байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлерден 60 жоба ұсынылып, кейін 33 жоба іріктеліп алынды. Нәтижесінде ақтық кезеңге 15 жұмыс жолдама алды. Финалға шыққан қатысушылар өңіріміздегі әлеуетті инвесторлардың алдында жобаларын таныстырды.

- Менің жобам «Ovum» деп аталады, - дейді автор Рымкеш Мұсалинова. - Командамда бес адам бар. Сұйытылған жұмыртқаны үйде жасаймыз, жарамдылық мерзімі - 25 күн. Бірнеше түрін қатар дайындаймыз. Польшада жұмыртқаны сұйық күйге айналдырып, сарысы мен ағын жеке бөліп беретін құрал-жабдық бар. Ол арқылы жасалған өнім екі айға дейін жарамды болады. Қазіргі күні Астана мен Қарағандыдан ұсыныстар түсуде. Мұндай өнім Қазақстанда әлі жоқ.

Өз кезегінде KREM COFFEE компаниясының негізін қалаған Александр Гаглоев жобаға қолдау көрсетуге ниет білдіріп, екеуара құжатқа қол қойды.

Ал, жастар бастамаларын дамыту орталығы өз қалауларына қарай үш жоба авторына жұмысының алға басуына септігін тигізер деген ниетпен ноутбуктерді сыйға тартты.

Абзал Қабдраш
Видеоны дайындаған - автор
Суреттерді түсірген - Дархан Өмірзақов

 

pavlodarnews.kz

Тэги: