Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, Астана көшесі, 3 мекенжайындағы дүкен төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан.

- Түнгі сағат 1:56 кезінде орын алған өрт таңғы сағат 4:00 шамасында толық сөндірілді. Дүкенде пластикалық терезе, тоңазытқыш, ағаш сөрелер, азық-түлік өртке оранып, ұялы телефон бутигі толығымен жанып кетті. 50 шаршы метрге дейін жайылған қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан бес адам және үш техника жұмылдырылды. Құтқарылған 30 адамның оны - бала.

Айта кетейік, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Абзал Қабдраш
Фото - mos.news

pavlodarnews.kz

Тэги: