Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне кешкі сағат 21:24-те түскен.

- Оқиға орнына шыққан құтқарушылар 40 шаршы метрге жайылған өртті сағат 00:44 шамасында толықтай өшірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімі №35 бөлімшесінің жеке құрамынан үш адам мен бір техника жұмылдырылды, - деді департаментте.

Айта кетерлігі, келесі күні №1 Павлодар қалалық ауруханасының медбикесі өрттен зардап шеккен 78 жастағы зейнеткердің келгенін хабарлаған. Қызыл жалын тіркелген күні қолындағы күйікті байқамаған үй иесін қызы алып келген. Оған қажетті ем көрсетілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: