Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Пештен ақау шығуы салдарынан 1964 жылғы әйел адам «ысты газдан улану» диагнозымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, 1954 жылғы ер адам сол жерде көз жұмған. Оқиға орнында өрт сөндіру-апаттан құтқару қызметінен төрт адам мен бір техника, «103» және «102» қызметі жұмыс істеді, - деді департаментте.

Еске сала кетейік, Павлодарда биылғы жылдың соңына дейін жеке тұрғын үй секторында тұратын 134-тен астам қолайсыз отбасына ысты газдан уланудың алдын алу құрылғылары орнатылады.

Ақбота Сейсенбаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: