Облыстық ТЖД-ның бас маманы Р. Биахметованың айтуынша, апта сайын демалыс күндері төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері құтқарушылармен және ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі, қалалық әкімдік өкілдерімен бірге Усолка өзені, өзен сапаржайы аумағында рейд жүргізеді.

- Басты мақсат - су қоймаларында адамдардың қаза болуына жол бермеу,  балық аулау және тұрғындардың демалуы,  мұз айдындары арқылы өту кезіндегі қауіптің алдын алу. Рейд өткізу барысында балықшылармен әңгіме жүргізіліп, жадынамалар таратылды, - дейді Р. Биахметова.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: