Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

- Ер адам қаланың бір қонақ үйінің әкімшілік телефонына хабарласып өзін Дмитрий Васильевич ретінде таныстырып, екі нөмірді броньдаған. Сөйлесу барысында тапсырыс берілген нөмірлерде екі бөтелке француз коньягі, шампан, жемістер мен қымбат конфеттер болуын өтінген. Тапсырысты жүзеге асыру үшін 100 000 теңгемен қонақ үй аспазы супермаркетке жіберілген. Дүкенде қымбат сусындар болмағаны жайында Дмитрий Васильевичке ұялы телефон арқылы айтылған. Ол осы мәселенің мейрамхана әкімшілігімен шешілгенін айтып, қаржыны «Киви кошелек» терминалы арқылы жолдау керектігін айтады. Қаржы жолданған соң абоненттік нөмір сөндірілген. Осы орайда белгісіз тұлға 100 000 теңге көлеміндегі қаржыны иеленген, ал жәбірленушілер полицияға арызданған, - дейді мамандар.

Осы факті бойынша алаяқтық бабымен тергеу жұмыстары басталды, қылмыс жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтау мен ұстауға бағытталған тергеу және іздеу іс-шаралары өткізілуде.

Полиция тұрғындарды алаяқтардың тұзағына ілінбеуге және абай болуға шақырады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам