Бұл туралы агенттікке Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің маманы Айгүл Сыздықова айтты.

- Мекеме қызметкерлері қабылдау-тапсыру бөлмесінде сотталушы Б.Кацскийге А.Мартенс деген азаматтан келген заттарды тексеру жүргізген, - дейді Айгүл Сыздықова. – Сол сәтте «Шабдалы тосабы» деген жазуы бар пластмасс банка көзге түскен. Ыдысты ашқан кезде ішінен сұрғылт-жасыл түсті белгісіз зат салынған целлофан қалта шыққан. Осы жағдайға қатысты Павлодар қаласы ІІБ-ның оңтүстік тергеу тобы шақырылды.

Маманның айтуынша, банка сот-химиялық сараптамаға жіберілген. Нәтижесінде тосаптың ішінен табылған зат есірткі – марихуана екені анықталды.

Аталмыш факті бойынша материалдар қылмыстық деңгейді анықтау мақсатында сотқа жөнелтілді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: