Облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою кезіндегі бөлімшелердің қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте облыс орталығында екі төтенше жағдай тіркелген.

- Сағат 7.49-да Павлодар қаласы Айманов көшесі, 53 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінде болған тілсіз жаудың салдарынан бір адам қайтыс болған. Сонымен қатар, 20 адам құтқарылған. Оның ішінде төртеуі  -  бала. 20 желтоқсанға қараған түні сағат 00.56-да Володарский көшесі, 1, мекенжайында орын алған өрттен бір адам ауруханаға жеткізілген, - деп жазылған хабарламада.

Бұдан басқа, 16 желтоқсан күні сағат 06.50 минут кеткенде Железнодорожная көшесі, 3/1 мекенжайында тұрғылықты үйден өрт шығып, екі адам ажал құшқан.

Келесі күні сағат 00.45-те Ломов көшесі, 64 С.Торайғырова атындағы Павлодар мемлекеттік уневерситетінде тұрмыстық техника жанған.

pavlodarnews.kz

Тэги: