Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Гаухар Сыздықова айтты.

- Қазіргі таңда жағдай тұрақты, - деді Гаухар Сыздықова. –«Семей – Павлодар», «Өскемен – Павлодар» және «Астана – Павлодар» бағытындағы көліктерде 107 жолаушы болған. Оқиға орнында таңғы сағат жетіден бастап алты техника мен 10 адам жұмыс істеді. Жолдарға құм себілді. Ресми түрде Екібастұз бағытындағы жолдағы көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды. 

Оның айтуынша, көктайғақтың салдарын жою мақсатында облыс орталығына 100 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, бүгін Ақсу қаласы мен оқушылар тасымалданатын ауылдық аймақтарда бірінші ауысымда сабақтар өткізілмеген. Сондай-ақ, түстен кейін Павлодар қаласының мектептерінде де сабақтар тоқтатылды.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам