Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға Шарбақты ауылының тұрғыны жүгінген. 

Оның айтуынша, бөтен азамат одан үш бас жылқы және 10 мың АҚШ долларын күш көрсету арқылы қорқытып алған.

- Осы арыз бойынша шұғыл тергеу және арнайы іс-шаралар басталды, - деді баспасөз қызметінде. - Желтоқсан айының бірі күні күдіктінің талабы бойынша арызданушы оған жылқыларды берген, ал бірнеше күннен кейін талап етілген ақшалай қаражаттың жартысын, яғни 5 000 АҚШ долларын әкеп берген. Ол қылмыс үстінде ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы «бопсалау» фактісі бойынша тергеу басталды. Сотпен күдіктіні қамауға рұқсат етілді.

Жеке тінту барысында ұсталған адам 5 000 АҚШ долларын өз еркімен бергені анықталды. Оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде алдында арызданушының талабы бойынша берілген жылқылар табылды.

Сурет ғаламтордан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам