Облыстық ТДЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mercedes-Benz Sprinter маркалы автобус  Екібастұз қаласының жанында  істен шыққан.

- Бүгін таңғы сағат бестің кезінде оларға жедел құтқару жасағынан екі адам және бір техника көмек көрсетті. Жолаушылар Екібастұз қаласының сапаржайына жеткізілді, - деді  департаментте.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн жауын-шашынсыз, сынап бағаны климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады.

Төтеншеліктер жолға шыққан тұрғындарға аяз кезінде сақ болуға кеңес береді.

Ақбота Сейсенбаева

 
 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам