Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

- Жаңа жыл қарсаңында Успен ауданының тұрғыны ішімдік ішіп, Қайырбаев көшесі маңындағы дүкендердің бірінің жанында ұйықтап қалған, - деді баспасөз қызметінде. - Қалалық ІІБ Орталық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қайрат Қайырбеков әкімшілік учаскеге тексеріс жүргізіп, 62 жастағы тұрғынды анықтаған. Өз еркімен тұрып жүре алатындай халі болмаған ер адамды полиция пунктіне дейін көтеріп апару үшін өтіп бара жатқан адамнан көмек сұраған. Учаскеде ер адам құжаттарын алып шығарғанда қалтасынан ақша орамдары және ұялы телефоны құлап түскен. Қайрат ер адамның ұялы телефонында қызының нөмірін тауып алып, оған әкесінің қатты масайған күйінде екендігін айтты. Кейін 845 000 теңге және құжаттар қолхат жазу арқылы қызына тапсырылды.

Өз кезегінде 62 жастағы аудан тұрғыны полиция капитаны Қайрат Қайырбековке алғысын білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам