26 Ақпан 2017 жыл
Қаз Рус

Гу-гу

Павлодарлық коммуналдық кәсіпорын түбіртек тарататын 40 адамды қысқартқан

Павлодарда коммуналдық кәсіпорындардың бірі "Павлодарэнергосбыт" ЖШС-нің бірыңғай есептік орталығына қосылғаннан кейін түбіртек тарататын 40 адамды қысқартып, штатты оңтайландырған.

Декреттік демалыс

Павлодар облысындағы бір аудан әкімінің ер орынбасары декреттік демалысқа шығуға өтініш білдірген. Дегенмен бұл - тек қана "гу-гу" әңгіме.

Облыстық ТЖД қызметі басшыларының бірі парамен ұсталды

ТЖД бойынша бөлімшелердің бір басшысы пара алып жатқан кезінде ұсталды. Шенеунік "мардымсыз" сомамен қолға түскен... Дегенмен бұл – тек қана «гу-гу» әңгіме.

Павлодар облысында кадрлық ауыс-түйіс күтіледі

Павлодар және Шарбақты аудандарының әкімдері ауысады... Дегенмен бұл – тек қана «гу-гу» әңгіме.

Екібастұздық жемқорлыққа қарсы орган республикалық деңгейдегі табиғат қорғау құрылымының жетекшісін құрықтады

Өңірде ерекше мәртебеге ие аумақта орналасқан демалыс орындарының жетекшілері маусымның ашылуына орай өтетін жиынға келіп, үш сағат бойы кабинеттердің бірінде қамалып отыруға мәжбүр болыпты. Кейін құзырлы мекеме өкілдері ведомство директоры мен…

Жоспардан тыс жиын

Үстіміздегі жылдың 30-мамырында облыс активінің жоспардан тыс отырысы өтеді. Әзірге күн тәртібі белгісіз. Шараға жоғары лауазымды меймандар қатысады деп күтілуде. Дегенмен бұл – тек қана «гу-гу» әңгіме.

Еуразиялық топ павлодарлықтарды зауыт маңынан алыс жерге көшіруді ойластыруда

Еуразиялық топтың мамандары экологиялық мәселелерді оңтайлы шешудің екі жолын қарастыруда. Алғашқысы – топ кәсіпорындарынан 3 шақырымдық жерде орналасқан елді мекен тұрғындарын өз қаражатына басқа жерге көшіру. Екіншісі – өндіріс жұмысын жаңғырту. Нәтижесінде…

«ҚазТрансОйл» АҚ филиалының басшылығы ауысады

Жақын күндері «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы Шығыс филиалының басшылығы ауысады деп күтілуде. Дегенмен бұл – тек қана «гу-гу» әңгіме.

Ертіс ауданы әкімі лауазымына үміткерлер

Дереккөздердің болжамына сүйенсек, Ертіс ауданы әкімі лауазымына өзге екі аудан әкімінің орынбасарлары немесе аймақтағы бір басқарманың басшысы тағайындалуы мүмкін.

Жұлдызды сәттер

Павлодар облысындағы аудан әкімдерінің бірі халық алдындағы есептік кездесуін сценарий бойынша өткізіпті-міс.

Жаңалықтар

Жаңалықтарға жазылу

* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
Система Orphus