Шараны ұйымдастырушы - институттың ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту тәсілдері және инновациялық технология кафедрасы.

- Барлығы 62 оқушы бақ сынады, - дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Олар роботтың 52 моделі бойынша EV3 модулінің LEGO Education бағдарламасымен барлық білім беру мүмкіндіктерін көрсете алды. Әсіресе, көрермендер тарапынан әлеуметтік бағыттағы жоба зор қызығушылық тудырды. Бұл оқушылар «Үздік бағдарламашы» және «Болашақ тұрағы» аталымына ие болды. Авторлары - Артем Малых мен Айпара Сыздықова. Жаттықтырушылары - Павлодар қаласының № 11 ЖОМ мұғалімі Рүстем Садықов.

Ұйымдастырушы комитет «Үздік дизайн» номинациясында № 29 ЖОМ оқушысы Сергей Некрытовты (RoвoZAVR), «Үздік жаттықтырушы» номинациясы бойынша Павлодар қаласының № 19 мектебінің мұғалімі Алмаз Серікбаевті үздік деп таныды.

pavlodarnews.kz

Тэги: