Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, алғашқы болып шаңғышы Анна Шевченко лицензияға қол жеткізді.

Айта кетейік, мәнерлер сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіру бойынша Қазақстан құрамасы 23 жолдама ұтып алған. Оның екеуі павлодарлықтарға бұйырда. Ерлер мен қыздар арасында 500, 1000, 1500 метрлік жарысқа павлодарлық Денис Никиша мен Ким Ионг А қатысады.

- Жуық арада бұл спортшылардың қатарына биатлоншы Максим Браун қосылуы мүмкін, - деді басқарма мамандары.

Еске салайық, Оңтүстік Кореяда ақпанның 9-25 аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 павлодарлық спортшы өнер көрсетуі мүмкін.

Олардың қатарында биатлоншылар Антон Пантов, Дария Климина, Тимур Куц пен Александра Сасина, шаңғышылар Ирина Быкова мен Дарья Ряжко, сонымен қатар шорт-трекшілер Ольга Тихонова, Еркебұлан Шамұханов та бар.

Ұлттық құраманың нақты тізімі қаңтар айының ортасында белгілі болады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz