Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Франция, Германия, Италия және Испания физиктері бірігіп жаңа рекорд орнатты. Олар суды Целсий шкаласы бойынша – 42,55 градусқа дейін суытты. Бұл алдыңғы рекордтан бір жарым градусқа төмен.

Тәжірибені Гете атындағы Франкфурт университетінің зерттеушісі Роберт Гризенти басқарған ғалымдар тобы жүргізді. Су мұзға айналмай суу үшін ғалымдар вакуумде жылдам булау тәсілін қолданған екен.

pavlodarnews.kz