Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады. Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: