Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткердің № 1 қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы «112» нөміріне сағат 15.44-те кезекші медбике айтқан. Орташа дәрәжеде уланып қалған қария қазіргі таңда  терапия бөлімінде ем қабылдауда.

-  Бұдан басқа, бүгін түнгі сағат 02.01-де Айманов көшесі, 15 мекенжайы бойынша көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бір звено шықты. Бірінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде үй жиһаздары жанған, қызыл жалын 16 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау сағат 02.19-да ауыздықталып, сағат 02.43-те толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер бесінші қабаттан екі ересек адамды  алып шықты. Ал, қалған 15 адам құтқарушылар келгенге дейін өздігінен сыртқа шыққан. Оның біреуі – бала, - деді департаментте.

Алдына ала болжам бойынша зейнеткердің улануына қатты отынмен жылытылатын пештен ақау шығуы себеп болса, екінші  жағдайда тұрғындардың бірінің мас күйінде шылым шегуі салдарынан өрт  шыққан.

Ақбота Сейсенбаева



 

pavlodarnews.kz