Кездесудің тоғызыншы минутында қонақтар Александр Храмков пен Рихард Хунаның дәл соққыларының арқасында 0:2 есебімен алға шықты. Алайда, теміртаулықтар айналасы жеті минуттың ішінде таразы басына теңдік орнатты.

Екінші кезеңде қарсыластар есепті 4:4-ке жеткізді. Павлодарлықтар сапында Михаил Качулин мен Алексей Рыжих мергендік танытты.
Ойыннан кейінгі овер-таймда айдын иелерінің бағы үстем болды. (5:4)

Жауапты кездесуде павлодарлықтар тағы да екі шайба басымдылығымен алға шыққан болатын.
Өкінішке орай, оңтайлы есепті ұстап қалу мүмкін болмады. Қарсыластар есепті теңестіріп, буллит сериясында кезекті рет сәтті өнер көрсетті. (3:2)

- Қарсылас мықты болды. Біз мұнда көп ұпай жоғалттық. Жекелей және қатаң қателіктердің кесірінен екі ойында да ұтылдық. Өкінішті. Дегенмен, дайындықты үдетіп, ілгері жүру керек. Келесі ойындарда жеңу керек, - деді «Ертіс» хоккей клубының бас бапкері Томаш Вак.

Павлодарлықтардың келесі кездесуі өз айдынында 13-14 қаңтар күні петропавлдық «Құлагерге» қарсы өтеді.

Абзал Қабдраш
Фото: hc-ertic.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт