Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, байқауға 8-13 жастағы 20 жас пианинода ойнаушы қатысты.  Олардың басым бөлігін  орта және жоғары сыныптарының оқушылары құрады.

- Қойылым бағдарламасы жан-жақты, мәнерлі жанрда жоспарланған. Конкурс барысында П. Чайковский, Р. Шуман, П. Ходжаеа, И. Берковиа, В. Коровицын, А. Гречанинов әндері шырқалды. Қойылымдар қатысушылардың әртістік және эмоционалдық орындалуымен ерекшеленді, - дейді Балжан Әділханова.

«Фортепианалық ансамбль» номинациясында Дария Тасыбаева, Алиса Чистова (8 жас), Эрнест Гавриш (10 жас),  Риза Ахметова (9 жас) жеңімпаз атанды.

«Аспаптық пьеса» номинациясында 1-орынды Риза Ахметова иеленді. Өзінің өрімдей жасына қарамастан Риза 2017 жылы «Жаңа жылдық қарбалас» балалар, жастар және ересектер шығармашылығының ІІ республикалық конкурс-фестивалінде  бас жүлдені жеңіп алған болатын.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет