- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласы жан-жақты қамтылғаны қатты қуантты, - дейді мектеп директоры Майра Мамбетова. - Елбасымыз биыл жүзеге асырылуы тиіс 10 міндетті айқындағанын атап өтті. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім, оқу, мен тоқу арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Білім алу сипаты алуан түрлі екенін ескерсек, заманауи білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті, жан-жақты, көп тіл білетін маман дайындау. Осы орайда білім саласы ұлт көшбасшысының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Мұндай қамқорлықты Елбасы Жолдауы туралы айтқан мәлімдемесінде де айқын аңғартты.

Директордың айтуынша, Президенттің білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс.

- Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек деген сөзімен қоса оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында қайтадан оқыған мұғалімдердің лауазымдық жалақысы дәлелденген біліктілігіне байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейн өседі деген сөзіде қуантарлық жағдай. Осындай қолдау, қызметімізге шабыт берері анық. Елбасының биылғы Жолдауы бұған дейін жасалған жалпыхалықтық реформасы мен дамыған елдердің қатарына жету бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың айқын тетіктері екенін астарсыз-ақ түсінуге болады, - деп бір ауыздан пікір білдірді мектеп мұғалімдері.

pavlodarnews.kz

Тэги: рухани