Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметтік зерттеудің қорытындысына сәйкес, шенеунік «Мемлекеттік азаматтық және муниципалды қызмет жөніндегі» заңның «жұмысқа мас күйінде келу» деген 47-бабы бойынша жұмыстан шығарылған. Сонымен қатар, Расулбек Ташовтың орынбасары Шайырбек Арапов та қызметінен босатылды.

9 қаңтарда Расулбек Ташовтың жұмыс бөлмесінде екі адамның үстел үстінде ұйықтап жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Үстелде арақтың бос бөтелкелерін көруге болады. Бірқатар БАҚ ұйықтап жатқан адам Ноокат аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы деп жазды. Бірақ Ош облысының ішкі істер басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ал Расулбек Ташов Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұхбатында бұл видеоны президенттік сайлаудан кейін қарсыластары оны қаралау мақсатында түсіргенін айтады.

«Мен бұл күні тек шырын іштім. Менің жауларым шырынға димедрол қосыпты. Видеоны мені қаралау мақсатында түсірген. Мен арақ ішпеймін», - деді Ташов.

pavlodarnews.kz

Тэги: