Бұл туралы  Қазгидрометке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с асды, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Қарағанды облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с асады, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын.

Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с асады, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады, жел 18-23, Жалаңашкөл ауданында 27 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам