Бұл туралы  «ҚазАқпарат» ХАА «Қазавтожол» ЖШС-не сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомоствоның мәліметінше, Павлодар, Қарағанды, облыстары Щучинск қаласы мен Қорғалжын кентіне дейін, Қостанай облысы бағыты бойынша Жаксы елді мекеніне дейінгі тасжолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Атап айтқанда, Астана-Павлодар облысының шекарасына дейін (Астана-Ерейментау-Шідерті бағытының 16-205 км), Астанадан Қорғалжын ауылына дейін (Астана-Қорғалжын кенті жолының 19-180 км), Астанадан Нұра ауылына дейін (Астана-Қабанбай батыр жолының 16-51 км), Астанадан Щучинскіге дейін (Астана-Петропавловск бағытының 18-231 км), Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейін (Екатеринбург-Алматы трассасының 1275-1353 км) және Жақсы ауылынан Астанаға дейінгі (Екатеринбург-Алматы трассасының 915-1247 км) жол бөліктері жабық. Ақтөбе облысында Ақтөбе облысының шекарасы мен Әйтеке би қаласының шекарасы аймағында (Самара-Шымкент автожолының 1240-1474 км) көлік құралдары үшін жол жабық.

Қарағанды облысында Сатпаев пен Ұлытау ауылына дейінгі (Жезқазган-Петропавловск трассасының 24-138 км) бөлігінде көлік құралдарының қозғаласына шектеу қойылды. Астанадан бес бағытқа жол жабық Барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды. Ауа райына байланысты ескерту 11 қаңтарда Қазақстанның 6 облысында жарияланды. Олардың арасында Ақмола мен Қарағанды облыстары да бар.

pavlodarnews.kz