Бұл туралы ҚазАқпарат колеса.кз сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда құрастырлатын iEv7S электромобилдері Қытайдың JAC маркасының негізінде жасалған. Іс жүзінде бұл кроссовер NEDC циклімен 280 шақырымға дейін тоқтамай жүре алады. Егер жылдамдықты 60-тан асырмаса 350 шақырымға дейін баруға болады. Ал автокөлік батареясын толық қуаттау үшін шамамен 7 сағат уақыт қажет екен.

Сергей Могилатовтың айтуынша, 2018 жылдың аяғына дейін Қостанайда 500 электромобиль құрастырып шығару жоспарланған. Көліктің бағасы шамамен 7,5 млн теңгеден басталады. Аталған көліктердің жалпы сатылымға дәл қай кезде шығатыны әзірге белгісіз.

 

pavlodarnews.kz