Бұл туралы агенттікке оқушылар сарайының баспасөз хатшысы Әсем Айыпова айтты.

-  Отандық бишілеріміз және таяу шетел әртістері  Бурабай  шипажай аймағында кездескен болатын, - дейді Әсем Айыпова. - Турнир қатысушылары 2018 жылдың 1-7 қаңтар аралығында конкурс және ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей елінен келген  11-14 жас аралығындағы 300-ден астам жеткіншек қатысты. Сайыскерлер би билеп, спорттық-балдық бидің қыр-сырын үйренді және жергілікті жердің көркімен таныс болды. Байқау қорытындысы бойынша  біздің бишілер екі бірінші орын, бір екінші және үшінші орындарға қол жеткізді.

Әділет Жұманғалиев пен Рената Гильмиянованың жұбы алтын алқаға ие болып, турнирдің чемпиондары атанды.  Қаршыға мен Дарина Жұмағазының жұбы күміс жүлдеге ие болды. «Юниор-1» санатында өнер көрсеткен Марина Демченко үшінші орынға жайғасты. Сондай-ақ, турнирді ұйымдастырушылар «Анастасия» тобының бапкері Виолетта Никитинаны алғыс хатпен марапаттады. Ол латиноамерикандық және Еуропа бағдарламасы бойынша лекция тыңдап, Ұлттық би кеңесі атынан сертификатқа ие болды.

Ақбота Сейсенбаева


pavlodarnews.kz