Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Шынарбек Батырхановтың сөзіне қарағанда, Ақмола облысында демалушылар арасында қысқы туризм соңғы кездері кеңінен қанат жайып келеді.

«Әсем табиғатымен көздің жауын алатын аймақта туристердің жазда ғана емес, қыс айларында да демалуына болады. Өңірдегі көптеген шипажай кешендерінде көрсетілетін қызмет сапасы қазіргі заман талаптарға сай», - дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, кәсіби шаңғышылар үшін ЦСКА, «Нұр Тау» тау шаңғысы базасы мен тау шаңғысы және ұзындығы 300 метр арқан жолы бар «Ақ Желкен» демалу үйінде туристер үшін барлық жағдай жасалынған.

«Rixos Borovoe» қонақ кешенінде іске қосылған қыста сноубординг, жазда вейкбординг ретінде жұмыс істейтін вейк-парк жыл бойы туристер мен демалушыларға қызмет көрсетеді. Оған қоса, «Қазақстандық Лапландия», Бурабай кентіндегі орталық жағажайдағы мұз қалашығы, «Айнакөл», отелі, «Абылайхан» алаңы, «Дискавери-Боровое», «Звёздный», «Лесная сказка» балалардың сауықтыру орталықтары балалардың сүйікті мекеніне айналып отыр. Бурабайдағы қысқы демалу алаңдарына жаңа жылдың алғашқы аптасында келген адамдардың саны 10 мыңға жетті. Жақында Бурабай аймағын ЮНЕСКО-ның геопарктердің ғаламдық желісіне енгізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде көптеген туристер үшін, оның ішінде шетелдік қонақтар үшін курортты аймақтың қызығушылығын арттыра түседі.

Ақмола облысында Бурабайдан басқа, Зеренді ауданында «Сұңқар» сауықтыру кешені, «Елікті парк» тау шаңғысы базасы, Қорғалжын ауданында ұлттық табиғи қорық сияқты өзен-көлдерге бай өңірлер жетерлік.

pavlodarnews.kz

Тэги: