Аталмыш шараға Павлодар қаласының №3 дарынды балаларға арналған арнайы гимназиясы, №16 лицейі, «Жас дарын» арнайы мектебі және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 40 оқушысы қатысқан. Әсіресе, олардың арасында №43 ЖОМ мен Павлодар, Шарбақты аудандарының оқушылары белсенділік танытты.



 «Физика және техника» аталымы бойынша «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Әмір Қаратайдың «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне байланысты лазерлік қондырғысы» ең үздік  деп танылса, дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның оқушысы Баязет  Ысқақов  «Көзі нашар көретін адамдар қолдарына ұстайтын таяқша» атты жұмысын шебер таныстыра білді.



Астрономия және ғарыш секциясында облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Еренғайып Қобыландының «Полигон Тенгри» атты жұмысы жобалардың ішінде  тағы бір мәрте  үздіктердің қатарынан көрінді. Бұл жұмыс Алматы қаласындағы Т.Омаров атындағы республикалық жарысқа ұсынылып отыр.



«Ғарыш техникасы» атты  секциясында «Ракетаны ұшыру үшін аэростаттық саты макеті» атты жұмысымен № 16 лицейдің оқушысы Айжан Түсүпбаева мен  Павлодар қаласының № 43 ЖОМ-нің оқушысы Алексей Беличенко топ жарды.



Барлық жұмыстарды дайындаған оқушылар дипломдармен және жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Фото: М. Катаев атындағы оқушылар сарайы

 

 

 

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: