Бұл туралы агенттікке кәсіпорын директоры Ансат Жанатаев айтты.

- Бүгінгі күні тәулігіне алты-жеті тонна өнім аламыз, - дейді Ансат Жанатаев. - Өткен жылдың 24-қазаны мен желтоқсан аралығында 100 тоннадан астам қияр шығарылды. Біздің көкөніс Ресейдің Омбы, Новосібір өңірлері мен еліміздің Астана, Павлодар аймақтарында біртіндеп сатылымға қойылуда. Тапсырыс берушілер қиярды тікелей  базамыздан өздерінің жүк көліктерімен алып кетеді.

Директордың сөзіне сүйенсек, өнімнің келісі 500-600 теңге көлемінде саудаланады. Баға нарыққа байланысты. Мұнда қиярдың екі түрі - қысқы голландиялық мева және рапидес өсіріледі. Тұқымның қымбат болғанына қарамастан, сапасы өте жоғары.

Кәсіпкер биылғы жылы 9-наурыздан бастап қиярдың көктемгі тұқымын голландиялық тәсілмен өсіруді қолға алмақ. Сонымен қатар, қаңтар-ақпан айларында өнім қуаттылығын 150 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жылыжайда 50 адам еңбектенуде.

1,5 миллиард теңге көлемінде жеке инвестицияға салынған жылыжай Ақсу жылу электр станциясының жанында орналасқан. Кешен басшылығы жылдың соңына дейін 1 мың тонна өнім алуды көздеп отыр.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика