Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі xабарлайды.

«Ондай жалақыдан бюджетке ешқандай төлемдер жасалмайды. Зейнетақы қорына да ақша аударылмайды. Демек, ол адамдар болашақта зейнетақыға қалай шығатындарын ойламайды. Әлеуметтік сақтандыру қорына да ақша төлемейді. Ертең еңбекке жарамсыз болып қаламын, бала көтеремін, я болмаса, мүлдем жұмыссыз қаламын деп, бір сәт ойлану керек қой», - деді ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде осы санаттағы азаматтарды анықтау және тіркеу жұмыстарымен мемлекеттік кірістер департаменттері айналысып жатыр.

«Бұдан бөлек, 178 мың адам өздерін жеке кәсіпкер деп таныстырған. Алайда олардың барлығы тиісті мемлекеттік органдарда тіркелмеген болып шықты. Сонда олар кәсіпкерлікпен айналысса да, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер сияқты бюджетке ешқандай салық төлемейді, зейнетақы мен әлеуметтік қорға ақша аудармайды. Демек, Қазақстанда барлығы 1 млн-нан астам адам өз кәсібін заңдастыруы қажет», - деп атап көрсетті С.Жақыпова.

Айта кетейік, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын сынға алды. Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шаралары ойдағыдай жүргізілмейді. Содан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге шегеруге тура келді.

pavlodarnews.kz

Тэги: