Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі xабарлайды.

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде кішкентай кезінен бірінші топтағы мүгедек баланы бағып отырған отбасылар ай сайын 29 696 теңге көлемінде жәрдемақы алып тұрады. Бірақ аталған төлем кәмелеттік жасқа дейін ғана төленеді. Президент тапсырмасы аясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ондай жәрдемақылар кәмелеттік жаста да тоқтатылмайды, ары қарай төлене береді.

"Шыны керек, балалардың аналары осы проблеманы талай рет көтерген. Президенттің аталған мәселені өз Жолдауында көрсеткені өте орынды болды. Әрине, 1 шілдеге дейін тиісті заңнамаға өзгеріс енгізу керек. Сонда 14 мыңнан астам отбасы қазіргі жәрдемақыны ала береді. Оған қосымша 3 млрд теңгедей ақша қажет болады", - деді С.Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, шарада вице-министр Президенттің министрлікке қатысты сыны орынды болғанын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 1 млн адам жалақыны конвертпен алып жүр.

pavlodarnews.kz

Тэги: