Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақстанның солтүстік бөлігінде, оның ішінде СҚО, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында дауыл соғатындығы ескертілді. Желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін, кей жерлерде 30 метрге жетеді. Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында жел жылдамдығы секундына 20 метрге болмақ. 12 қаңтар күні күндіз жел басылып, температураның айтарлықтай төмендейтіндігі күтіледі», - деді Қазгидрометтің жетешкі инженері Мөлдір Есқалиева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ауа райының нашарлауына циклон әсер еткен.

«Атлантика ауданына келген қарқынды әрі дымқыл циклон Қазақстанның басым облыстарындағы ауа райын нашарлатты. Циклонмен бірге қар қалың түсіп, елдің басым облыстарында оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейді», - деп атап өтті Есқалиева.
Қазгидромет өкілінің дерегінше, еліміздің солтүстігінде ауа температурасы кей жерде -35 градусқа дейін төмендейді.

«Батыста да температура төмендейді деп күтілуде, термометр бағаны -22, -25, БҚО-ның кей жерлерінде -30 градус аяз болады. Елдің оңтүстігінде де тұрақсыз ауа райы күтіліп отыр, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады», - деді ол.

pavlodarnews.kz