«Әр ел Президентінің міндеті – мемлекеттің даму стратегиясын бір немесе бірнеше жылға анықтап, соның аясында жүргізілуі тиіс шараларды атап көрсету. Байқасаңыздар, соңғы екі жылда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев рухани һәм өндірістік жаңғыруға баса ден қойып отыр. Бұған дейін де бұл тақырыптар күн тәртібінде болды, десе де қазіргідей алдыңғы қатарға шыққан жоқ. Ал бүгінгі таңда заман көшінен қалмау үшін жаңа технологияларды енгізу мәселесі өзекті болып отыр. Бірақ мұны біржақты түсінбеу керек. Қарапайым тұрғындардың кейбірі «цифрландырудың бізге келіп кетері қанша?» деген пікірде болуы мүмкін. Жолдаудан түйгеніміз – сол арқылы бәсекелестік артып, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады», - дейді Ғани Елмұратов.

Саясат ғылымдарының кандидаты Елбасының көліктік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударып отырғанын тілге тиек етті.  

«Президент жолаушылар мен жүк тасымалының артуына, өңірлерді байланыстыруға ғана емес, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне де оң ықпалын тигізері анық. Яғни, жол бар жерде тірлік те, табыс көзі де, жаңа жұмыс орындары да болады. Сондықтан орын алар өзгерістерге үрке қараудың еш қажеті жоқ. Керісінше, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірлесіп, бастамалардың сәтті жүзеге асуы үшін үлес қоссақ, еліміз өркендей түседі», - дейді ол.

Құндыз Қабылденова

pavlodarnews.kz