Бұл туралы агенттікке Павлодар облысының білім басқармасы мәлімдеді.

1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық студенттеріне сабақтар өткізілмейді.

Еске салайық, бүгін Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында дауыл болатыны ескертілген.

- Жоғары циклондарға байланысты атмосфералық аумақтар алдағы үш күнде Қазақстан  бойынша өтеді. Сондықтан кейбір облыстарда қар жауып, күшті батыс және солтүстік-батыс желдері соғады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда боран, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Ал солтүстік скандинавиялық түбекте оңтүстік-шығыс бағытқа ауысатын суық антициклон орнауда. Сол себепті 13-қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы едәуір төмендейді деп күтілуде, - деп хабарлауда «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің айтуынша, Павлодарда ауа температурасы 9 градус нөлден төмен. Қатты боран және оңтүстік-шығыс желдің жылдамдығы секундына 13 метрге жетеді.

pavlodarnews.kz