Зейнеткер тұрғын үйіндегі жылу мен ыстық судың жоқтығын жеткізіп, осы  жағдайды реттеу үшін көмек көрсетуді өтінді. Партиялықтармен болған әңгіме барысында бұл келеңсіз жағдайдың бір ай бойы созылып келе жатқандығы анықталды.  

Аталған өтінішпен жете танысқан партиялықтар комиссия құрып, өтініш берген зейнеткердің үйіне барды. Комиссияны «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айдос Оразалин бастап, құрамына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй инспекциясы, «Ақсу су арнасы» МҚК және «Теплосервис-Ақсу» МҚК өкілдері енді.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша  ТҮКШ бөліміне жылу мен ыстық суды дереу қосу қажеттілігі жөнінде сұраныс хат жолданды. Нәтижесінде бес күннің  ішінде жөндеу жұмыстары өткізіліп, зейнеткердің мәселесі оң шешімін тапты.

– Барлықтарыңызға рахмет. Қыс басталғалы тоңып отырдық. «Нұр Отанға» жүгінгеннен соң бұл мәселе шешілді. Барлығы тез аяқталды, - деп Валентина Попова алғысын білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам