Бұл туралы ҚазАқпарат КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

25 жастағы жігітке Астана жедел жету керек болғанымен, жолына ақша таба алмаған. Ол билетсіз жетуді ойлаған. Сол үшін пойыздың үстіне шығып алған, алайда алысқа бармады. Көкшетау стансасында оны 29 мың вольт тоқ соққан. Денесінің 45 пайызын күйік шалған жігітті ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр деп отыр. «Жағдайына байланысты жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Оның халі ауыр деп бағалануда, ары қарай динамикасын бақылауда ұстаймыз», - дейді Ақмола облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Елдос Қайыржанов.

pavlodarnews.kz