Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«34 және 40 жастағы екі адамның үйінде сақталған ерекше көп мөлшердегі есірткі заты тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындыларына сәйкес, табылған 1 кг 734 грамм есірткінің героин екені анықталды», - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Астана қаласы ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олардың осындай басқа қылмысқа қатысы барлығы тексерілуде.

pavlodarnews.kz