Бұл жөнінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауына қатысты өз пікірін білдірген С.Торайғыровтың атындағы ПМУ студенттер ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов айтып берді.

- Елбасының жыл сайынғы Жолдауы Қазақстанның әр азаматына қатысты, - дейді Рамиль Смаилов. – Біріншіден, жас маман ретінде бұл жыл мұғалімдер жылы болатыны қуантады. Өйткені, Президент өз Жолдауында ұстаздарға елеулі назар аударылды. Осыған орай педагогикалық мамандықтың мәртебесі артпақ.

Студенттер ассамблеясының төрағасы жолдаудың көптеген бастамаларға жетелейтінін атап өтті.

- Мәселен, тұрғын үй көлемінің артуы. Бұл істің 2018 жылы мақсатты түрде қолға алынуы да қуантып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік заңның үтемдік алуы маңызды. Жемқорлықпен күресте бірінші қатардағы сұрақтар бар. Біз Қазақстанның бірлескен халқы, қоғамның жемқорлық сынды зұлымдығына ұжымдасқан түрде қарсылық білдіруіміз керек, - дейді Рамиль Смаилов.

Жастар ұйымы басшысының айтуынша, осы аптада Жолдауға байланысты педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыру, оны жастар арасында кеңінен насихаттау бойынша атқарылатын шаралардың жобасы дайындалады.

- Жастар Елбасының Жолдауын толық қолдайды, - дейді Рамиль Смаилов. – Студенттер Жодаудың жүзеге асуына түгелдей атсалысады. Өйткені, біз бәріміз бір үлкен команданың бөлігіміз. Нақылда айтылатындай: «Жалғыз жүрсең – жылдам жүресің, топпен жүрсең – алысқа барасың».

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz