Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемелекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, аймақта қатты желдің әсерінен 13 төбе жабындысы  ұшып кеткен.

- Бұл  білім, медициналық нысандар және тұрғын үйлер. Авариялық-құтқару жұмыстарында 141 маман қатысып, 63 техника жұмылдырылды. Автокөлік транспортының елді мекеннен тыс облыстық автомобильдік жолдарға 21 мобильдік блок-бекет қойылып, 30  техника және жол полиция қызметінен 104 адам, ТЖД-ден 12 техника және 41 адам қызмет етті. 109 жылыту пункті дайындалды, - дейді департаментте.

Қатты желдің әсерінен 75 елді мекенде электр энергиясының өшірілуі тіркеліп, қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істеп жатыр, жағдай сағат сайын қадағалануда және көмек көрсету үшін күштер мен құралдар өткізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

pavlodarnews.kz

Тэги: