Кездесу барысында партия мүшесі медицина қызметкерлеріне Елбасы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіріп өтті.

- Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау ауыр кеселдерді емдеуге қыруар қаржы жұмсаумен емес, бірінші кезекте аурулардың алдын алумен айналысуы қажеттігін айтқан. Азаматтарымыздың дені сау болуы үшін қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды, салауатты өмір салтын насихаттауды күшейтуіміз керек. Жастардың репродуктивтік денсаулығына да баса көңіл бөлуіміз лазым. Елбасымыз бізге осындай міндеттер қойып отыр және де оларды орындауымыз қажет, - деді Айман Оспанова.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сауалдар қойып, оларға жауаптар алды. Перинаталдық орталық ұжымы Жолдауға бірауыздан қолдау көрсетіп, онда айтылған барлық міндеттер орындалатынына кәміл сенетінін білдірді.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: рухани